
Toyota Motor Corp. 2020 жылға таман өз автокөліктерінің жартысында өндіріс шығындарын төмендететін жаңа платформаларды пайдаланатын болады деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
"Жаңа платформаларға көшу және сәйкестендірілген істеушілерді кеңірек пайдалану Toyota-ға тәжірибелік-құрылмалық жұмыстар шығынын кем дегенде 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді компанияның атқарушы вице-президенті Мицухиса Като. Бұған қоса, фирма осылайша қозғалтқыштардағы отын шығынын 25%-ға төмендткісі келеді.
Сонымен қатар, жаңа стратегияның арқасында жаңа өндірістік желілерді ашу құны 50%-ға түседі, ал жаңа зауыттарды ашуға бөлінетін инвестиция көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 40%-ға азаяды.