Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Трамп және баспасөз бостандығының қайта өркендеуі

Трамп және баспасөз бостандығының қайта өркендеуі

НЬЮ-ЙОРК – АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі БАҚ-қа қысым көрсету және ұялмай «балама фактілерді» (өтірік сөз ретінде белгілі болған) қолдануымен жетекші баспасөз құралдарын дүр сілкіндірді. Бірақ БАҚ мәртебесінің статус-квосына Трамптың салған сынағы мүлдем жаман нәрсе емес: журналистерде енді биліктегілерге жақтасатын жаман әдеттерінен мүлдем құтылу мүмкіндігі бар.

Трамптың бас стратегі Стивен Бэннон, жақында New York Times басылымына БАҚ «оппозициялық партия» болып табылады деп айтқан кезде көпшілікті таңқалдырды. Мүмкін Бэннон өз сұхбаттастарын бағыттан адастырғысы келген шығар, бірақ ол сондай-ақ қарсыласының негізгі рөлін кездейсоқ естеріне салды. Салауатты демократияда, баспасөз жігерлі түрде ресми саясат пен істерді анықтау арқылы азаматтарға мемлекеттен есеп алып, жауапкершілікке тартуға көмектеседі.

Өкінішке орай, Америкада осындай БАҚ болғанына ондаған жыл болды. Оның орнына, баспасөз құралдары бірнеше Президент әкімшілігіне өздеріне ақпаратты дайындап беріп отыруына мүмкіндік берген. Америка Құрама Штаттарында жаңалық ұйымдары билік коридорларына қол жеткізуді ең басты мақсат ретінде қарастырды, тіпті ол қол жеткізу ыңғайсыз сұрақтарды болдырмау немесе жалтақ жауаптарды қабылдау тәрізді шарттармен келсе де.

«Қолжетімділік журналистикасы» болған жағдайда редакция басшылығы өзін саяси элитамен бірге деп санап, жұртшылыққа үкіметтің идеяларын түсіндіру олардың негізгі мақсатына айналады. Жаңалықтар бюджеттерінің қысқаруын осыған қоссақ, саяси жаңалықтар әлде бір футбол маусымын қамтитын арнайы спорттық арна тәрізді болып, тек саясаткерлер мен олардың суррогаттарының мәлімдемелерінің шексіз қайталау цикліне айналады.

Тіпті деректерді аса мұқият тексеретін ақпарат құралдары соңғы онжылдықта тақырыптар тар ауқымына көшкен, ал мұндай жағдайдың саяси истеблишментке өте ыңғайлы болғаны рас. Тек элиталық көзқарасқа қызыққан БАҚ мүшелері бастапқыда бұрын 2008 және 2012 жылы Барак Обамаға дауыс бергенін көптеген американдықтар 2016 жылы үйінде қалған, немесе Трамп үшін дауыс берді деген фактіден аң-таң болған.

Бірақ бірде-бір апат баспасөз корпусының билікпен тым жақын байланысының қаупін Иракқа басып кіруге қарағанда айқын көрсетпейді, бұл қатаң қателіктің жан түршігерлік дүмпу-әсері осы күнге дейін Таяу Шығыс, сондай-ақ Еуропаны азаптауда. Басып кірудің алдында Джордж Буштың әкімшілігі негізгі либералдық және консервативтік жаңалық агенттіктерінің журналистерін бағып-күтіп жүрген, олар жаппай қырып-жою қаруы туралы кейін жалған болып табылған шағымдарды таратып, халықтың қолдауын алуға көмектескен.

АҚШ-та, соғысты қолдау туралы скептикалық мақалалар шығарып жүрген басылым тек Knight Риддер тобы болды (кейін оны McClatchy компаниясы сатып алды). Репортерлер Уоррен Стробел мен Джонатан Лэндей кейінірек түсіндіргендей, олардың орта деңгейлі жаңалықтар қызметі жоғары деңгейдегі ақпаратқа қол жеткізе алмады, сондықтан олар Буш әкімшілігінің талаптарының кемшіліктерін көрсете білген барлау қоғамдастығының ішіндегі ақпарат көздеріне сүйенді. Қол жеткізу, рұқсат алу қажеттілігі жоқ кезде журналистік шындықты айту өркендей түседі.

Трамп әкімшілігі қазірдің өзінде негізгі БАҚ алдында есікті жабуда, ең көрнекті мысалы ретінде CNN атап өтуге болады. Трамптың медиа бойынша жауапты көмекшілері оларға қол жеткізуді жаңарту шарты ретінде бағынуды талап ете аламыз деп үміттенетін болуы мүмкін. Бірақ мұндай тәсіл ренжіген баспасөз құралдарына еркіндік бере алады. Басты лауазымды тұлғалармен тікелей байланыстан айырылып, олар енді әкімшіліктен есеп алуға қатаң назар аудара алады.

Осындай жолда БАҚ көпжылдық редакциялық модельдердерін ой елегінен өткізуі қажет. Reuters бас редакторы Стив Адлер, жақында өз әріптестерін олар шетелде авторитарлық үкіметтер туралы қалай жазса, Трамп әкімшілігінің жаңалықтарын дәл солай хабарлауға шақырды. «Пресс-релиздері ұмытып, ресми кіру рұқсаты туралы аз алаңдау керек. Олар бәрібір ешқашан қатты бағалы болмаған. Біз Иран туралы жаңалықтарды керемет баяндадық, және бізде іс жүзінде ешқандай ақпаратқа қол жеткізу ресми рұқсаты болмады. Бізде тек ақпарат дереккөздері ғана болды»-деді Адлер Reuters қызметкерлеріне жазған хатында.

Трамп ұлттық дискурсты бақылауға алуға үміттенеді; және оның жалған әңгімелерімен жақтастарын жоғалтып аламын деп қорқуы негізсіз, себебі олар қазірдің өзінде «либералды» медиа оларды және олар сайлаған президенті жақтырмайды деп есептейді. New York Times Трамп әкімшілігінің жалған сөздерін өтірік ретінде сипаттағаны үшін мадақтауға лайық болса да, біз сондай-ақ Ирак соғысы қарсаңында газеттің ұсқынсыз қылықтарын да ұмытпауымыз керек.

Times Буштың әкімшілігінің жаппай қырып-жою қаруы туралы сөздеріне бірден сенуі (Times кейінірек ол үшін кешірім сұраса да), бұл апатта БАҚ-тың сәтсіз рөлінің тек бір бөлігі болып табылады. Жаңалықтар қызметтері басып кіруді ақтау үшін Буш әкімшілігіне күмәнді фактілерін қолдануға рұқсат беріп ғана қоймай; олар сондай-ақ, ешбір сұрақсыз, шенеуніктерге сол фактілерге негізсіз мән мен маңыздық беруге мүмкіндік берді.

Германия және Франция Ирак қаруы туралы Буш әкімшілігінің сөздеріндегі фактілермен келіссе де, басып кіруге қатты қарсы болды, себебі олар оның салдары Саддам Хусейннің қандай да болсын іс-әрекеттерінен үлкенірек қауіп төндіреді деп сенген. Олар дұрыс айтқан болып шықты. АҚШ күштері Иракта химиялық және биологиялық қару қорларын тапса да, тарихтың бұл соғыс туралы үкімінің қаталдығы кем болмас еді.

Бэннонның «оппозиция» туралы ескертуі осы соңғы оқиғалар туралы ескертпе болуы тиіс. Авторитарлық популизм қаупінен америкалық демократияны қорғау үшін, бұқаралық ақпарат құралдары Трамптың «балама фактілерін» сынаудан тайсалмауы керек. Олар бақылау, зерттеу және республиканшылдар мен демократтардың мәлімдемелерін сыни бағалау негізінде жасалған басқа әңгімені баяндауы керек.

2016 жылы оқиғалар көрсеткендей, шынайы оқиға жиі БАҚ ешқандай назар аудармаған жерлерде болып жатады. Адлер өз қызметкерлеріне «ел арасына шығып, адамдар қалай өмір сүріп жатыр, олардың ойлары қандай, оларға көмектесетін және зиян келтіретін жайғдайлар туралы біліп, және үкімет пен оның іс-әрекеттері біздің емес, олардың ойларында қандай болып табылатынын» біліп-тануды тапсырды. Журналистер билік жағында болмаудан қорықпауы керек. Керісінше, олардың орны дәл сонда болуы қажет.

Автор туралы: Тони Карон - New School университетінің халықаралық істер магистратура бағдарламасында оқытушы болып қызмет атқарады. Ол бұрын TIME журналында аға редактор және Al Jazeera Американың сандық жаңалықтар қызметінің редакциялық директоры болды.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org

Похожие материалы