Транш (франц. tranche - "үзім", "бөлік", "үлес") - жалпы мағынасында ақшалай ағынның бір бөлігі.
Тереңірек үңілсек, бұл ұғымның негізгі үш мағынасы бар:
- Транш - жеке дара, бірақ бір несие келісімінің немесе бір несие желісі аясында алынған несиенің бір бөлігі.
- Транш - қаржы активтері пакетінің бір бөлігі. Бұл пакет капитал нарығының базалық құралдарын - акцияларды немесе облигацияларды, сонымен қатар туынды құнды қағаздарды - деривативтерді қамтуы мүмкін. Бұлар сату үшін тағайындалған.
- Транш - бірнеше өзара байланысты бағалы қағаздар тобының бірі. Олар бір уақытта айналымға шығарылады. Олар тәуекел, табыстылық, өтелу мерзімі бойынша түрлі сипаттамаларға ие болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024