Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЦентрКредит банкі ресейлік еншілес банкке қосымша 160 млн рубль капитал құйды

ЦентрКредит банкі ресейлік еншілес банкке қосымша 160 млн рубль капитал құйды

"Банк ЦентрКредит" АҚ өзінің ресейлік еншілес бөлігі "Банк БЦК-Москва" ЖШҚ-ға қосымша 160 млн рубль капитал бағыттайды деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

БЦК басшылығы еншілес банктің төмен нәтижелілігін энергоресурстар бағасының төмендеуіне, Украинадағы геосаяси дағдарысқа, сонымен қатар Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың енгізілуіне байланысты экономикалық жағдайдың нашарлауымен байланыстырып отыр.

Осының бәрі құнды қағаздар нарығындағы жағдайдың нашарлауына және борышкерлердің төлем-несие қабілеттілігіне әкеліп соқтырып, Ресейдің банк секторына кері әсерін тигізіп отыр.

"Осыған байланысты біз банкке қосымша 160 млн рубль капитал құйып отырмыз, басшылығын ауыстырдық та қазір одан әрі дамудың жаңа стратегиясын әзірлеу процесіндеміз. Біздің басты идеямыз - ЕАЭО дамуының концепциясын және Ресей экономикасының қазіргі жағдайын ескеріп, тұрақты ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ететін бизнес үлгісін табу", - деп мәлімдеді БЦК өкілдері.

Похожие материалы