Қазақстандық туристерді медициналық көмекке жиі шақыруға мәжбүр еткен жануарлар тізімі анықталды. Сақтандырушылар 2011-2016 жылдар аралығындағы клиенттердің өтініштеріне сараптама жасай отырып, осындай тізімді құрастырған.
«Kompetenz» сақтандыру компаниясы мамандарының сөзінше, 2011-2016 жылдар аралығында шетелде жүрген қазақстандықтарды тістеген жануарлар тізімі және шабуылдар жиі болған елдерге сараптама жасалған.
5 жыл ішінде демалыстағылардың 1,7%-ы жануарлардың тістеуінен зардап шеккені үшін шағым жасаған. Және бұл тек сақтандыру алу үшін өтініш бергендер ғана дейді мамандар. Рейтингтің көш басында Оңтүстік-Шығыс Азия елдері тұр. Әсіресе, Таиланд Корольдігіне барғандар көбірек шағымданады. Ол жердегі жәндіктер мен жануарлардың шабуылының салдары кейде аллергиялық реакцияға дейін соқтыруы мүмкін.
Сақтандыру үшін өтініш беруге себеп болғандар:
Медузалар
Бұл теңіз жәндігі медициналық көмекті жиі шақыруға себеп болады. Түркия, Египет, Болгария, Таиланд және Грекиядағы саяхатшылар көбірек зардап шегеді. Медуза шабуылының салдары: күю, терінің қызаруы, бөртпе. Сақтандырушылардың мәліметінше, теңіздегі әрбір бесінші турист медузамен жақсы таныс. Әсіресе, балалар көбірек зардап шегеді. Олардың шабуылы аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Медуза тістегенде ең бірінші сақтандыру компаниясының қызметкері таңдап берген жақын маңдағы емханаға бару қажет.
Иттер
Қазақстандықтар тек өз елімізде ғана емес түрлі елдерде, соның ішінде Үндістан мен Таиландта да иттің қабуынан зардап шеккен. Мұндай жағдайларда амбулаториялық медициналық көмек құны орта есеппен 100-300 доллар аралығында болады. Мамандардың сөзінше, иттің тістеуі соншалықты ауыр болмаса да, медициналық мекемеге барып, құтырудан вакцинация салынуы керек.
Жәндіктер
Жәндіктер - 1 млн-нан астам түрі бар, ең көп тараған жануарлар. Олар Түркия, Тайланд, Болгария, Вьетнам және Испаниядағы туристердің сақтандыру компаниясына өтініш беруге мәжбүр еткен. Жәндіктер көбінде жағажайдан, судан және өзге де демалыс орындарынан табылады.
Балықтар
Балықтар адамдардан мүлдем қорықпайды, ал олардың ғажайып бояулары демалушылардың сөзінше "өзіне тартып тұрғандай болады". Сондықтан да көпшілігі еш алаңдамастан су астындағы тіршілік иелерімен ойнауға асығады. Бірақ көпшілігінің улы желбезектері бар, олардың жарақатының салдары ауыр. Мысалы, өрмекші-балықтың қанаттарында улы желбезектері бар, оның шаншуы қатты аллергиялық реакция беруі мүмкін.
Балықтармен қоса балық аулау да сақтандыруға өтініш жасауға әсер еткен себептердің бірі. Құрал-жабдықтардан қолды кесіп алу, тіліп алу сияқты жарақаттар жиі болады. Туристер қауіпті теңіз жәндіктерімен Түркия, Грекия және Таиландтағы демалыс кезінде кездескен.
Маймылдар
Маймылдардың тістеуі сияқты жағдайлар қазақстандық саяхатшылар Тайланд пен Қытайға барған кезде жиі орын алады. Туристік бағдарламалардың көп бөлігі де осы жануарлар мекендейтін жерде өтеді. Көп жағдайда маймылдардан 5-15 жас аралығындағы балалар зардап шегеді. Ондай жағдайда тез арада муниципалды немесе жеке емханаларға барып, құтырудан екпе жасату қажет.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024