
Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Құтқарушылар Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен қазақстандықтардың бірін тапты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ол тірі, үйінді астында қалған.
«Сабина Мамадьярова үйінділердің астында, тірі. Ол құтқарушылармен сөйлесіп жатыр», – деді rescue KZ тобындағы еріктілер.+
Алдын ала мәлімет бойынша, оның қолы сынған.
Еске салайық, бұған дейін Түркияда төрт қазақстандықтың із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын.