Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркияда қазақстандық Сабина Мамадиярова үйінділер астынан тірідей табылды

Түркияда қазақстандық Сабина Мамадиярова үйінділер астынан тірідей табылды

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Құтқарушылар Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен қазақстандықтардың бірін тапты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол тірі, үйінді астында қалған.

«Сабина Мамадьярова үйінділердің астында, тірі. Ол құтқарушылармен сөйлесіп жатыр», – деді rescue KZ тобындағы еріктілер.+

Алдын ала мәлімет бойынша, оның қолы сынған.

Еске салайық, бұған дейін Түркияда төрт қазақстандықтың із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын.

Похожие материалы