Әлеуметтік желілер әлдеқашан коммуникация құралынан ақпарат көзіне айналып үлгерді. Журналистің негізгі көмекшілер де бола алады. Бастысы - дұрыс қолдана білу. Facebook кәсіби имиджіңізді қалыптастырушы алаңға айналғаны рас. Ал Twitter? Твит пен ретвитті тиімді қолданғанда қандай көмек болады? 7kun.kz толығырақ түсіндіреді.
Tвиттер желісін жер тұрмақ, көкте де қолданады. Естеріңізде болса, Айдын Айымбетов ғарыштан сурет түсіріп, шағын-видеосын Твиттер арқылы жолдаған еді. https://twitter.com/AidynAimbetov/status/641861856194375680/video/1 Деректерге сүйенсек, әлемдік Үкіметтердің 84 пайызында твиттер-аккаунт бар. Ал, бүгінгі күні ең танымал "твиттершілер" - Джастин Бибер, Леди Гага және Кэти Пэрри. Танымалдардың тізімінде АҚШ президенті Барак Обама да бар.Твиттерді қолдануға қатысты бірнеше кеңестер:
1. Лентаны толтыруға әуес болмаңыз. Бір твит пен екіншісінің арасында демалыс жасауды ұмытпаңыз. Бұл адамдарды жалықтырады. Ақыры достықтан өшіріп тастаумен не банмен аяқталуы мүмкін екенін ескеріңіз. 2.Твит жазбас бұрын өз-өзіңізге іштей сұрақ қойыңыз: Мынаны оқу мен үшін қызық болар ма еді? Егер басқа адамдар осылай жаза берсе мен не істер едім? деген сынды сауалдарға жауап алыңыз. Бұдан нәтиже болары сөзсіз. 3. Сіздің жазбаңызды біреу бөліссе, яғни ретвит жасаса - алғыс білдіріңіз. Бұл ізеттілік қана емес, сондай-ақ, ол адамның келесіде де ретвит жасауына жол ашуы ықтимал. Арасында өзіңіз де ретвит жасап тұрыңыз. 4. Ешқандай ақпараттық сипаты болмаса, жекеге хабарлама ретінде жіберіңіз. Бірінші кеңесте айтқанымыздай, лентаны толтырмаңыз. 5. Өзіңіз туралы ақпаратты қызықты етіп беріңіз. Суретіңіз де сапалы, әдемі болғаны жөн. Егер, ақпарат жеткіліксіз болса, сізді шын өмірде жоқ "фейк" деп санауы әбден мүмкін. 6. Лайықты нәрсеге ғана "Like" басылады. Жұрт сізді іздеп оқысын десеңіз, жақсы жаза біліңіз. Жақсы жазу - сауаттылықтан басталады. Барынша қатесіз жазыңыз. 7. Өзі онсыз да шектеулі символдармен қысқа қайырып үйреніңіз. Көпшілікке сіздің шұбалаңқы сөздеріңіз қызық емес болуы мүмкін. 8. Біреу сізді оқыса - профайлына көз жүгіртіп шығыңыз. Сіз үшін бұл адам қызық па? Немен айналысады? Белсенді ме? Бірнеше секунд қана уақытыңызды алатын іс - болашақта пайдасын әкелуі мүмкін. Сол себепті мені оқыған екен деп, бәріне жазыла бермеңіз. 9. Сіз үшін қызық саланың мамандарына, компаниялардың твит-аккаунтарына жазылыңыз. Жаңалықтарын жіберіп алмаудың бір тәсілі - осы. 10. Хештегті дұрыс қолданыңыз. Қандай да бір шара өтсе, сол шара туралы жазылған туиттердің барлығы сол хештегпен табылады. # белгісінен соң сөзіңізді жалғаңыз. Оңды-солды хештегтерді шашпаған жөн. Бір-екі сөзбен қайыру туралы ереже хештегтерде де сақталады.Қауіпсіздік қай жерде де керек
Күн сайын хакерлердің бір сервиске ұрланып кіріп, бұзып тастағаны туралы жаңалықтар естіп жатамыз. Қауіпсіздік қай жерде де керек. Твиттерде қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады? Ол жөнінде де бірнеше кеңестер айта кетейік. 1. Жеке мәліметтерді жар сала бермеңіз. Жеке басыңызға қатысты деп санайтын кез келген ақпаратты жарияламаңыз. Ол телефон нөмірі, құпиясөз, мекен-жай және т.б болуы мүмкін. Сақ болыңыз. Geo tagging деген дүние бар. Егер оны қосатын болсаңыз, автоматты түрде сіздің қай жерде тұрғаныңыз шығады. Үйде жүргенде мұны қолданбауға тырысыңыз. Себебі, қауіпсіздіктің маңызды ережелерінің бірі - осы. 2. Приват аккаунт қолданыңыз. Яғни араласатын ортаңызды өзіңіз таңдап, шектеулер қоясыз. 3. Аккаунтқа кіруге рұқсат сұрайтын қосымшаларды анықтап қараңыз. Барлығына бірдей рұқсат бере бермеңіз. Аталған сайтқа сенесіз бе, авторизациядан өтуді қалайсыз ба, нақты біліп алыңыз. Аккаунттардың бұзылуына сеп болатындар осындай қосымшалар. 4. Жарты жылда немесе жылына бір құпиясөзіңізді ауыстырып тұрыңыз. Ұзақ, әріптер мен сандары араласқан, үтір-нүктелері бар, қиын құпиясөздер қолданған жөн. 5. Таныс емес сілтемелерге өтпеңіз. Қолданушыларды тұзаққа түсірудің кең таралған бір түрі - осындай жолмен адам тарту. 6. Қысқа сілтемелерді ашатын сервисті қолдануды әдетке айналдырыңыз. Танымал плагиндердің бірі Firefox-қа арналған LongURL Mobile Expander. Одан бөлек, Unhid және Untiny сынды уеб-сервистер бар. Негізі, іздесеңіз өте көп. Сізден сұралатыны - қолдану ғана. 7. Спам келсе бірден бұғаттап, хабарлаңыз. Басқаларын да хабардар етіңіз. 8. Көп фоллоуерлер жинап беретін хабарландыруларға өтпеңіз. Бұл көбіне жарнама болады. Ең қауіптісі аккаунтыңызды иемденіп алады. 9. Антивирустар мен firewall қолданыңыз. Әрине Tвиттерде әйгілі трояндар көп болмаса да, сақтанғанды сақтаймын деген бар. Күмәнді файлдарды жүктемеңіз. 10. Шығатын сәтте Log out батырмасы арқылы шығыңыз. Сіз жоқ кезде атыңыздан ешкім кірмеуі тиіс. Құпиясөздерді сақтамаңыз. Танымал "твиттерші" Өркен Кенжебектің журналистерге арналған кеңесін бергенді жөн көріп отырмыз. Өркен Кенжебек, журналист: Журналистке Твиттер әбден керек. Ең біріншіден, сізге қызық деген, сіз үшін үлгілі адамдарды оқу үшін. Бұл белгілі бір деңгейде сізді өзіңіз бала кезден біліп жүрген кумир дейікші, солармен теңестіреді. Себебі, оның қайда жүргенін, кіммен кездескенін жақын туысынан артық біліп отырасыз. Мысалы, өзім Болливуд актері Шахрух Ханның кешке қандай кітап оқитынын, ресейлік публицисттер Владимир Соловьев пен Максим Шевченконың бүгін қанша шақырым жүгіргенін, Ерлан Қарин мен Бекболат Тілеуханның ертең қай қалада болатынын біліп отырамын. Екіншіден, өзіңіз басқаларға қызықты болу үшін. Бір күні таңертең ұйқыдан тұрдыңыз, таңертеңгілік жаттығуды істемедіңіз де айттыңыз, «Осы мен елден кеммін бе?» деп туиттер аштыңыз. Сізде ақпарат бар. Сізде қабілет бар. Көзқарас бар. Неге интернет-тұлға болмасқа? Осы арқылы әлеуметті мәртебеңізді бір көтеріп аласыз. Үшіншіден, қазіргі әлеуметтік желілерде сана үшін нағыз соғыс жүріп жатыр. Діндарлар өзіне мүридтер, саясаткерлер қолдаушылар, пиаршылар клиенттерді іздейді. Сан алуан саяси толқын, пікірлер, идеялар, бастамалар, образдар – осылардың ішінен өз фоллоулерінен дұрысын таңдап, пікіріңді тану, міне маңыздысы. Бұл – майдан. Ал майдан алаңын тастап кетуге болмайды! Әрине, мен сәл ауырлатып айтып жатырмын, бірақ осындай жауапкершілікті өзіңізге жүктеп алсаңыз, Твиттердегі қызметіңіз де тәуір жүреді. Сосын бұрын бір ойымды тарқатып жазу үшін блогта 1 беттей шимайласам, Фэйсбукте жарты беттей жазатынмын. Кейін қарасам, осы ойымды сәл миымды қозғап жіберсем, Твиттерде сыйдыруға болады екен. Демек, бұл «өз-өзіңді тәрбиелеу құралы» дегенге бекідім. Себебі, кез-келген қазақ мылқау болмаса көп сөйлей, шолақ болмаса, көп жаза алады. Ал «краткость – сестра талантаға» амал ету кез-келгеннің қолынан келе бермейді... Былайша айтқанда, бұл өз-өзіңді тәрбиелеу құралы. Өз басым Твиттерді жедел ақпарат тарату, алдағы істеріме жоспар, жариялаған материалдарыма жарнама үшін және басқалар тарапынан ақпарат алу үшін жиі пайдаланамын. Әсіресе, Твиттерді айтыс, конференция, симпозиум секілді жиындардан репортаж жасауға пайдаланғанды жақсы көремін. Мысалы, соңғы айтыстан репортаж жасағанда бір күнде 200-250 твит жазған кезім болыпты.Аққайыр Жадыра "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024