
Әлеуметтік желілер әлдеқашан коммуникация құралынан ақпарат көзіне айналып үлгерді. Журналистің негізгі көмекшілер де бола алады. Бастысы - дұрыс қолдана білу. Facebook кәсіби имиджіңізді қалыптастырушы алаңға айналғаны рас. Ал Twitter? Твит пен ретвитті тиімді қолданғанда қандай көмек болады? 7kun.kz толығырақ түсіндіреді.
Tвиттер желісін жер тұрмақ, көкте де қолданады. Естеріңізде болса, Айдын Айымбетов ғарыштан сурет түсіріп, шағын-видеосын Твиттер арқылы жолдаған еді. https://twitter.com/AidynAimbetov/status/641861856194375680/video/1 Деректерге сүйенсек, әлемдік Үкіметтердің 84 пайызында твиттер-аккаунт бар. Ал, бүгінгі күні ең танымал "твиттершілер" - Джастин Бибер, Леди Гага және Кэти Пэрри. Танымалдардың тізімінде АҚШ президенті Барак Обама да бар.Твиттерді қолдануға қатысты бірнеше кеңестер:
1. Лентаны толтыруға әуес болмаңыз. Бір твит пен екіншісінің арасында демалыс жасауды ұмытпаңыз. Бұл адамдарды жалықтырады. Ақыры достықтан өшіріп тастаумен не банмен аяқталуы мүмкін екенін ескеріңіз. 2.Твит жазбас бұрын өз-өзіңізге іштей сұрақ қойыңыз: Мынаны оқу мен үшін қызық болар ма еді? Егер басқа адамдар осылай жаза берсе мен не істер едім? деген сынды сауалдарға жауап алыңыз. Бұдан нәтиже болары сөзсіз. 3. Сіздің жазбаңызды біреу бөліссе, яғни ретвит жасаса - алғыс білдіріңіз. Бұл ізеттілік қана емес, сондай-ақ, ол адамның келесіде де ретвит жасауына жол ашуы ықтимал. Арасында өзіңіз де ретвит жасап тұрыңыз. 4. Ешқандай ақпараттық сипаты болмаса, жекеге хабарлама ретінде жіберіңіз. Бірінші кеңесте айтқанымыздай, лентаны толтырмаңыз. 5. Өзіңіз туралы ақпаратты қызықты етіп беріңіз. Суретіңіз де сапалы, әдемі болғаны жөн. Егер, ақпарат жеткіліксіз болса, сізді шын өмірде жоқ "фейк" деп санауы әбден мүмкін. 6. Лайықты нәрсеге ғана "Like" басылады. Жұрт сізді іздеп оқысын десеңіз, жақсы жаза біліңіз. Жақсы жазу - сауаттылықтан басталады. Барынша қатесіз жазыңыз. 7. Өзі онсыз да шектеулі символдармен қысқа қайырып үйреніңіз. Көпшілікке сіздің шұбалаңқы сөздеріңіз қызық емес болуы мүмкін. 8. Біреу сізді оқыса - профайлына көз жүгіртіп шығыңыз. Сіз үшін бұл адам қызық па? Немен айналысады? Белсенді ме? Бірнеше секунд қана уақытыңызды алатын іс - болашақта пайдасын әкелуі мүмкін. Сол себепті мені оқыған екен деп, бәріне жазыла бермеңіз. 9. Сіз үшін қызық саланың мамандарына, компаниялардың твит-аккаунтарына жазылыңыз. Жаңалықтарын жіберіп алмаудың бір тәсілі - осы. 10. Хештегті дұрыс қолданыңыз. Қандай да бір шара өтсе, сол шара туралы жазылған туиттердің барлығы сол хештегпен табылады. # белгісінен соң сөзіңізді жалғаңыз. Оңды-солды хештегтерді шашпаған жөн. Бір-екі сөзбен қайыру туралы ереже хештегтерде де сақталады.
Қауіпсіздік қай жерде де керек
Күн сайын хакерлердің бір сервиске ұрланып кіріп, бұзып тастағаны туралы жаңалықтар естіп жатамыз. Қауіпсіздік қай жерде де керек. Твиттерде қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады? Ол жөнінде де бірнеше кеңестер айта кетейік. 1. Жеке мәліметтерді жар сала бермеңіз. Жеке басыңызға қатысты деп санайтын кез келген ақпаратты жарияламаңыз. Ол телефон нөмірі, құпиясөз, мекен-жай және т.б болуы мүмкін. Сақ болыңыз. Geo tagging деген дүние бар. Егер оны қосатын болсаңыз, автоматты түрде сіздің қай жерде тұрғаныңыз шығады. Үйде жүргенде мұны қолданбауға тырысыңыз. Себебі, қауіпсіздіктің маңызды ережелерінің бірі - осы. 2. Приват аккаунт қолданыңыз. Яғни араласатын ортаңызды өзіңіз таңдап, шектеулер қоясыз. 3. Аккаунтқа кіруге рұқсат сұрайтын қосымшаларды анықтап қараңыз. Барлығына бірдей рұқсат бере бермеңіз. Аталған сайтқа сенесіз бе, авторизациядан өтуді қалайсыз ба, нақты біліп алыңыз. Аккаунттардың бұзылуына сеп болатындар осындай қосымшалар. 4. Жарты жылда немесе жылына бір құпиясөзіңізді ауыстырып тұрыңыз. Ұзақ, әріптер мен сандары араласқан, үтір-нүктелері бар, қиын құпиясөздер қолданған жөн. 5. Таныс емес сілтемелерге өтпеңіз. Қолданушыларды тұзаққа түсірудің кең таралған бір түрі - осындай жолмен адам тарту. 6. Қысқа сілтемелерді ашатын сервисті қолдануды әдетке айналдырыңыз. Танымал плагиндердің бірі Firefox-қа арналған LongURL Mobile Expander. Одан бөлек, Unhid және Untiny сынды уеб-сервистер бар. Негізі, іздесеңіз өте көп. Сізден сұралатыны - қолдану ғана. 7. Спам келсе бірден бұғаттап, хабарлаңыз. Басқаларын да хабардар етіңіз. 8. Көп фоллоуерлер жинап беретін хабарландыруларға өтпеңіз. Бұл көбіне жарнама болады. Ең қауіптісі аккаунтыңызды иемденіп алады. 9. Антивирустар мен firewall қолданыңыз. Әрине Tвиттерде әйгілі трояндар көп болмаса да, сақтанғанды сақтаймын деген бар. Күмәнді файлдарды жүктемеңіз. 10. Шығатын сәтте Log out батырмасы арқылы шығыңыз. Сіз жоқ кезде атыңыздан ешкім кірмеуі тиіс. Құпиясөздерді сақтамаңыз. Танымал "твиттерші" Өркен Кенжебектің журналистерге арналған кеңесін бергенді жөн көріп отырмыз. Өркен Кенжебек, журналист:
Аққайыр Жадыра "7"