Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Twitter де Cambridge Analitica-ға қолданушылардың деректерін сатқан

Twitter де Cambridge Analitica-ға қолданушылардың деректерін сатқан
Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz - Twitter компаниясы да Cambridge Analitica зерттеу агенттігіне 2015 жылы бір тәулікке жуық уақыт аралығында қолданушылардың деректеріне қолжеткізуге мүмкіндік беретін бүкіл твитті сатқан деп жазады Engadget. Деректерге тәулік бойы қолжеткізуден қатар Cambridge Analitica 2014 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың сәуірі аралығындағы кездейсоқ твиттерді сатып алған. Twitter өкілінің пікірінше, сатылған деректердің ішінде қолданушылардың жеке ақпараттары ешкімге көрінбейді екен. Бірақ Cambridge Analitica қандай деректерді сатып алғандығы және оны қандай мақсатта қолданғандығы әлі белгісіз. Бұған дейін тағы бір әлеуметтік желі Facebook-те деректердің сатылуы туралы дау туған еді. Бізге белгілі мәлімет бойынша, Cambridge Analitica зерттеу агенттігіне 87 млн қолданушының деректері сатылып, кейін ол деректер АҚШ президенттік сайлауында қолданылған болуы мүмкін.

Похожие материалы