Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Twitter жеке хабарламадағы 140 белгі деген шектеуді алып тастамақ

Twitter жеке хабарламадағы 140 белгі деген шектеуді алып тастамақ

Twitter сервисі жеке хабарламадағы 140 белгі деген шектеуді алып тастамақ. Бұл туралы компания мәлімдемесіне сілтеме жасап "РИА Новости" хабарлайды.

"Әлеуметтік желі жеке хабарламалардағы 140 символ деген лимитті кері шегереді. Енді тұтынушылар бір-бірімен ешбір шектеуіз, тікелей хабарласа алады", - деп жазылған Twitter мәлімдемесінде. Бірақ 140 символ деген шектеу SMS арқылы жіберілетін жеке хабарламаларда сақталып қалады.

Жаңа өзгеріс Twitter-дің  Android және iOS-тағы нұсқаларында, Twitter.com сайтында және TweetDeck қосымшасында күшіне енді. Компания өзінің қолданушыларына барлық платформадағы қосымшаны жаңаландыруға кеңес береді.

Похожие материалы