Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Uber тарифтерін өзгертті

Uber тарифтерін өзгертті
Uber сервисі кептеліс кезіндегі тарифтерді өзгертті. Желі қолданушылары 5 қыркүйекте таңертең Uber арқылы жол жүру ақысының 1,5 есе артқанын байқаған.  Көпшілігі әлеуметтік желілер арқылы жаңа баға наразылықтарын білдіре бастады. Бірақ компанияның мәлімдеуінше, өзгерген тарифтер тек кептеліс кезінде ғана қолданылады. "Сұраныс ұсыныстан артқан кезде Uber-дің арнайы алгоритміндегі жаңа тарифтер іске қосыла бастайды. Көбірек автомобильдер желіге шығып, тапсырыс орындауы қажет. Бағалар автоматты түрде қойылады, сұраныс төмендеген сайын, қосымша машиналар көбейеді. Uber сіздерге тарифтердің уақытша жоғарылауы туралы хабарлама жіберітіндігіне кепілдік береді, сіздердің мобильді қосымшаларыңызға арнайы ескерту келіп тұрады. Сондай-ақ  Uber сізден кептеліс кезінде тарифтердің өзгеруіне келісетіндігіңізді білдіреді", -деп түсіндірді компаниядан. Компанияның мәлімдеуінше, клиенттің таңдауы бар: машинаны кептеліс кезіндегі тариф бойынша шақыра аласыз немесе тарифтер қалпына келгенше күтуіңізге болады.

Похожие материалы