Украина Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алуға дайын. Бұл туралы Украина Энергетика министрі Владимир Демчишин мәлімдеді.
“Біз Қазақстаннан аз көлемде болса да, мұнай-газ өнімдерін сатып алуға мүдделіміз. Бізді қазақстандық бағаның Ресейден төмен болуы қызықтырады”, – деді министр. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев украиналықтардан мұндай ұсыныстың болғанын, қазіргі кезде ұсыныстың қаралып жатқанын жеткізді. Украина КСРО кезінен бері Орталық Азиядан (Оның ішінде Түркмениядан) газ сатып алуда. 2000-жылдардың басында тасымал көлемі төмендеп, соңғы жылдары біржола тоқтап қалған болатын. Дәл қазір Астананың Киевке бере қоятындай артық газ қоры жоқ. Ал, Қарашығанақтағы газ кенін ресейлік “Газпром” алып, газ құбырын Орынбор өлкесіне қарай бағыттауда. Түрікмен газының Украинаға жетпеуіне қазіргі болып жатқан геосаяси жағдайлардың ықпал етіп отырғанын "Газпром” ақпарат көздері де мойындайды. Ал, қазақ мұнайын Украинаға тасымалдау 2010-жылы “Қазмұнайгаз” бен украиналық “Приват” компаниясы арасында болған даудан кейін тоқтатылған-ды. Қазір Ресейдің оңтүстік бөлігіндегі “Достық” мұнай құбыры сақталғанымен, Украинаға мұнай жеткізілмейді. Ақпарат көзі: ВедомостиТэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024