Экономика
Қазақстан мен Қырғызстанға келуі тиіс 72 вагон Украина-Ресей шекарасынан өткізілмей тұр
Украина-Ресей шекарасында Қазақстан мен Қырғызстанға баруы тиіс 72 теміржол вагоны тоқтап тұр. Бұл туралы Украинаның экономикалық даму және сауда министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
"2016 жылдың 13 шілдесінде Украинаның Ресей Федерациясымен шекарасында Қазақстан мен Қырғызстанға бара жатқан 72 теміржол вагоны тоқтатылды. Олардың 13-і өзгертілген маршрут бойынша қайтарылды, өзге 59-ы ресейлік-украиналық шекарада қалды", - деп хабарлады ведомствадан. Сондай-ақ ол шекарада Қазақстанға келуі тиіс 55 вагонның тұрғаны да хабарланды. Еске салайық, Ресей президенті Украина аумағынан Қазақстанға баратын тауарлардың арнайы ретпен өткізілуін анықтайтын заңға қол қойды. Жаңа құжат бойынша, санкциялық азық-түліктер тізіміне енгізілген және кедендік салығы 0 пайыздан жоғары тауарлардың өткізілуіне тыйым салынады. "ҚазАТО" басшысы Теодор Капланның атап өтуінше, маршрурттың мәжбүрлі түрде өзгертілуі (жүк Украинада Ресей арқылы емес Каспий мен Қара теңіз арқылы келеді) тауар бағасының қымбаттауына әкеледі.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024