Соңғы жыл ішінде украиналық әскер саны 146 мыңнан 280 мыңға, яғни екі есеге көбейген. Мұндай сандарды Украинаның қорғаныс министрі Степан Полторак жария етті деп хабарлайды Lenta.ru.
«Бюджетке қатысты қиыншылық көріп отырғанымыз рас. Бізге біраз сабыр керек. Содан соң міндетті түрде украиналықтар мақтан ететін, өзге елдер қорықпаса да, құрмет тұтатын әскер жасайтын боламыз», — дейді Полторак.
Осыған дейін, 12 қыркүйек күні Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік және гуманитарлық саясат департаментінің директоры Валентин Федичев Украина үкіметінің 2016 жылға арналған қорғаныс бюджетін ЖІӨ-дан 5 пайызға дейін өсіргенін айтқан болатын. Бұны ол "украина халқының азаматтық ерлігі" деп бағалады.
Шілде айында премьер-министр Арсений Яценюк әскер мен құқық қорғау органдарын қаржыландыру үшін министрліктер мен ведомстволарды бюджеттік құралдарды барынша үнемдеуге шақырған болатын.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024