Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украина әскерінің саны бір жылда екі есеге көбейген

Украина әскерінің саны бір жылда екі есеге көбейген

Соңғы жыл ішінде украиналық әскер саны 146 мыңнан 280 мыңға, яғни екі есеге көбейген. Мұндай сандарды Украинаның қорғаныс министрі Степан Полторак жария етті деп хабарлайды Lenta.ru.

«Бюджетке қатысты қиыншылық көріп отырғанымыз рас. Бізге біраз сабыр керек. Содан соң міндетті түрде украиналықтар мақтан ететін, өзге елдер қорықпаса да, құрмет тұтатын әскер жасайтын боламыз», — дейді Полторак.
Осыған дейін, 12 қыркүйек күні Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік және гуманитарлық саясат департаментінің директоры Валентин Федичев Украина үкіметінің 2016 жылға арналған қорғаныс бюджетін ЖІӨ-дан 5 пайызға дейін өсіргенін айтқан болатын. Бұны ол "украина халқының азаматтық ерлігі" деп бағалады.
Шілде айында премьер-министр Арсений Яценюк әскер мен құқық қорғау органдарын қаржыландыру үшін министрліктер мен ведомстволарды бюджеттік құралдарды барынша үнемдеуге шақырған болатын.

Похожие материалы