Украинада елді қалпына келтіру жоспары жарияланды, ол U-24 деп аталды. Бұл туралы Премьер-министр Денис Шмыгаль BBC News Украинаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Шмыгалдың айтуынша, Украинаны тиісті қалпына келтіру қоры құрылады. Ол үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең қазірдің өзінде жүзеге асып, қираған нысандарды тез арада қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Екінші кезең – соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін нысандарды тез қалпына келтіру жұмыстары. «Ең алдымен, қираған аумақтарда адамдар өз өмірін қамтамасыз ету үшін су мен электр қуатын беруді қалпына келтіру керек», - дейді Денис Шмыгаль.
Үшіншісі – Украинаның қалаларын, ғимараттарын, инфрақұрылымын, тұтастай елді толыққанды жаңартудың үлкен кезеңі. Бұл ең шығыны көп, ұзаққа созылатын кезең болады. Бірақ олар оны мүмкіндігінше тез жүзеге асырғысы келеді.
"Бұл Версаль декларациясында жазылғандай, Украинаның Еуропалық Одаққа кіруінің саяси процестерімен қатар болуы керек", – деп толықтырды Шмыгаль.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024