2022 жылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша Украинада қалып қойған қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 57 жүк көлігінің 51-і шығарылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрыымдық даму министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, 11 көлік Ресей Федерациясы аумағына, 8-і Молдоваға және 32-сі Польшаға өтті. Украинада әзірге 6 көлік қалып отыр, оның ішінде 5 жүргізуші - осы елдің азаматтары.
Сондай-ақ, қазақстандық операторларға тиесілі 1030 жүк вагоны украин жерінде тұр. Бұл елге қарай бағытталған 509 вагон әзірге Ресей Федерациясы мен Грузия аумағында. Тағы 627 вагон басқа бағыттарға жіберілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысты жіті қадағалап отыр.
Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ҚР ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және еліміздің теңіз порттары жанынан «Жедел желілер» ашылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024