Ұлттық банк "Инвестициялық деңгейдегі жаһандық корпоративті облигациялар" мандаты бойынша өзінің алтын-валюталы активтерін сырттай бақылауға тендер жариялады деп хабарлайды LS.
Реттеуіштің мәліметінше, мандаттың эталонды портфелі The BofA Merrill Lynch 1-5 Year Global Corporate Index-ке тиесілі. Мандат көлемі 100-250 млн доллар деп бағаланып отыр.Аталған жобаның мақсаты - бекітілген индекске қатысты жоғарғы табысқа қол жеткізу және орнатылған лимиттер аясындағы ақпараттық коэфициентті (IR) максимизациялау.
Ұлттық банк сыртқы басқарушыға қойылатын талаптарды да атап өтті:
- Қаржы құралдарымен кемі 5 жыл жұмыс өтілі болуы. Оның ішінде кем дегенде 3 жылы аталған мандат бойынша жұмыс істеген болуы тиіс.
- Басқаруындағы активтер көлемі: сыртқы басқарушының қарамағында клиенттерінің қосалқы активтері болуы қажет, оың ішінде кем дегенде 3 млрд доллар консультациялық қызмет көрсетуде жатуы керек.
- Сыртқы басқарушыға үміткердің жазбаша түрде барлық шарттармен келісетіні туралы хабарламасынан кейін ғана оның ұсынысы қаралады.
Тендер бойынша өтінім берудің мерзімі - 2016 жылдың 10 мамыры.
Ұлттық банк мәліметі бойынша, 2016 жылдың 1 сәуірінде Қазақстанның алтын-валюталы резерві (Ұлттық қор мен жалпы халықаралық резервті қосқанда) 92,808 млрд долларды құрады.