Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі +/-1% болатын дәлізбен базалық мөлшерлемені 15% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл шешімді қабылдаған кезде бірнеше фактор қаралды. Халықтың шетел валютасын сатып алудан гөрі оны сату көлемінің асып кетуі тұрақты түрде сақталып отыр. Шетел валютасында номинирленген депозиттердің теңгедегі депозиттерге ауысуы жалғасуда. Жеке тұлғалардың депозиттерінің жалпы көлеміндегі жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің үлесі 2016 жылғы сәуірде 72%-ға дейін, заңды тұлғалардікі 53%-ға дейін төмендеді. 2016 жылғы сәуірде 2015 жылғы қазаннан бастап алғаш рет ұлттық валютадағы кредиттердің өсуі тіркелді. Инфляция күтілетін үрдіс шеңберінде қалыптасуда. Ұлттық Банк пікіртерімінің нәтижелері 2016 жылғы мамырда халықтың инфляциялық күтулерінің іс жүзінде өзгермегенін көрсетеді. Келесі 12 айда бағаның өсу қарқынының жеделдеуін немесе оның осы деңгейде сақталуын күткен қатысушылардың үлесі 37,7%-ды құрады (2016 жылғы сәуірде – 37,1%). Экономикалық белсенділіктің деңгейі және ішкі сұраныстың көрсеткіштері экономикалық өсу қарқындарына жағымсыз әсер ете отырып, төмендеуін жалғастыруда. Базалық мөлшерлеме 15%-ға дейін төмендегеннен кейін және 2016 жылғы 6 мамырда пайыздық дәліз тарылғаннан кейін ақша-кредит талаптарының аздап жұмсарғаны байқалады. Валюталық және ақша нарықтарының жай-күйіне, сондай-ақ инфляциялық күтулердің қалыптасуына әсер етуі мүмкін сыртқы және ішкі тәуекелдер сақталуда. Базалық мөлшерлеме төмендетілгеннен кейін валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құны іс жүзінде өскен жоқ және ақша нарығы мөлшерлемелерінен төмен деңгейде қалуда. Мөлшерлемелердің төмендеу жылдамдығы экономиканың сыртқы күйзелістерге ден қоюына және бір жыл және одан көп мерзімде болжанатын инфляцияны, валюталық тәуекелдерді хеджирлеу құнын, банк салымшыларының валюталық таңдауларын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатынан алынатын кері байланысқа тәуелді болады. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2016 жылғы 11 шілдеде Астана уақытымен сағат 17.00-де жарияланатын болады.

Похожие материалы