Интернетке қатысты түрлі жаңалықтар, инновациялар күннен-күнге көбею үстінде. Олардың кейбірі қолданушының алғысына ие болып жатса, енді біреулері, керісінше, интернет-аудиторияны мезі қылды. 7kun.kz оқырманның көзіне жеккөрінішті болып біткен интернет-технологияларды ұсынады.
Сaptcha
Ойлап тапқандар: Мануэль Блум, Джон Лэнгфорд және Луис Фон Ан Капча - компьютерді шынымен адам басқарып отырғанын тексеруге арналған құрал. Ол, негізінен, әріптер мен сандардан құралады. Қисайған, түрлі түсті әрі көп жағдайда түсініксіз келетін капчаны жақсы көретін қолданушы жоқ десе де болатын шығар. Көп адам бұл технологияның кемшіліктерінің қатарында көзі нашар көретін адамға капчаны енгізу қиынға соғатынын жатқызады. Аудио-нұсқасы сіздің даусыңыз танымай қоюы, түсінбеуі мүмкін. Кей сайттарда ол бірнеше рет шыға береді. Статистика бойынша, Интернетте күніне кем дегенде 200 млн адам капча енгізеді екен.Pop-Up баннерлер
Авторы: Итан Цукерман Сіз мұны күнделікті көріп жүрсіз. Себебі, қазір сайтқа жарнама беру - тиімді маркетингтік қадам. Бастапқыда поп-ап баннерлер кіріктірме жарнамалардан құтылудың жолы ретінде ашылғанымен, қазір өзі де жалықтыратын жарнамалардың қатарына кіріп кетті. Бұл жарнамалардың сіз де, біз де жалықтық. Бірақ, амал қанша? Ол - ақша табу көзі. Қазір тек сайт бетіндегі жылт еткен баннерлерден бөлек 10 секундқа "эфирді" иемденіп алатындары сәнге айналған. Яғни, сол 10 секундтың ішінде сіз жарнаманың кімге тиесілі екендігін, немен айналысатынын есте сақтап қаласыз. Бәлкім, дәл қазір керек болмас. Болашақта мәселен, жылдам несие алу туралы әңгіме жүретін болса, сіздің есіңізге сап етіп жаңағы компанияның жарнамасы түсе қалуы әбден мүмкін.Вирус
Авторы: Рич Скрент Қазір компьютерісізге флеш-карта сұғуға, белгісіз қосымшаларды жазып алуға қорқамыз. Оған себеп - вирус. Сол вирусты алғаш рет 9-сыныптың оқушысы Рич Скрент ойлап тапқан. Бастапқыда жәй әзіл ретінде жасалған вирус қазіргі таңда мақсатты түрде қолданылады. Яғни, қасақана бір әрекеттер жасалынады. Алғашқы вирус - Elk Cloner компьютер үшін зиянсыз болған: компьютерге диск салынған уақытта ол дискке көшіп кететін. Осылайша, зақымданған диск келесі компьютердің ішіне еніп, вирусты таратады. Вирус әрбір елуінші рет жүктелген сайын монитарда өлең жолдары шығатын болған. Ал, қазір түрі мен қызметтері көп вирустардың шегіне жете алмайсыз. Бірі ақпарат ұрлайды, енді бірі мәліметтеріңізді жояды. 2014 жылы осы киберқылмыстың кесіренен әлем экономикасына 400 млрд доллар шығын келтірілген екен.Аймақтық цензура
Авторы: Георг Боденхаузен Бұрын-соңды іздеу жүйесі тауып берген видеолардың ішінен кейбірін қарауға рұқсат етілмеген деп шыққан ба еді? Себебі - сол елде ақпаратқа шектеу қойылды, яғни аймақтық цензура бар деген сөз. Бұл технология қазақстандық интернет-қолданушыларға жақсы таныс секілді. АҚШ-тағы интернет-қолданушылардың 17 пайызы VPN қолданады. Яғни, аймақтық фильтрлерді айналып өту үшін арнайы прокси-серверлер мен VPN-дар бар.Cookies
Авторы: Лу Монтулли Cookies ойлап табылғанға дейін сайт иелері қолданушының бұрын-соңды сайтқа кірген-кірмегенін білмейтін. Лу Монтулли 1994 жылы cookies-ті ойлап табады. Бұл дербес контент жасау үшін таптырмас құрал, әрине. Себебі, сайттар қолданушының не істегенінен хабардар болып отырады. Бірақ, жаман тұсы жариялылық орын алады. Мәселен, сіз іздеу жүйесі арқылы өзіңізге пәтер іздесеңіз. Келесі жолы сайттарға кірген уақытта алдыңыздан өткен "сұраныстарыңыз" шыға келеді. АҚШ интернет-қолданушыларының 86%-ы digital-іздерін тазартып отырады. Себебі, әркімнің жеке өмірі бар. Ал, жеке өмірдің жалпақ жұртқа жария болғаны көп адамға ұнамайды.Спам
Авторы: Гари Сюэрк 1978 жылы компьютерлер саудасымен айналысатын Сюэрк жаңа компьютердің жарнамасын 393 адамға жібереді. Әрине, наразылық білдірген біраз адам болды. Бірақ, барлығы емес. Арасында хабарландыру арқылы келіп, сатып алғандар да кездескен. Бұл оқиға болған соң аталған маркетингтік қадам 10 жылдан соң қолданысқа қайтадан енеді. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген спам әлі ұзақ жасайтын түрі бар. 2011 жылы Message Anti-Abuse Working зерттеу жүргізеді. Нәтижесінде, поштаға келіп түскен хаттардың 90 пайызға жуығы спам болатындығы анықталған.Киберсквотинг
Авторы: Деннис Топпен Киберсквотинг - сауда маркаларымен аттас домендік атауларды қасақана иемдену. 1995 жылы Деннис Топпен біршама ірі корпорациялардың сауда маркаларымен бірдей домендік атауларды өз атына тіркеп алады. Сондағы мақсаты - кейін доменді компания иелеріне қымбатқа сату. 1998 жылы Panavision компаниясы Топпеннің үстінен шағым түсіріп, сот отырысында жеңіске жетеді. Осылайша антикиберсвкотинг белең ала бастайды. 1999 жылы АҚШ-та сауда маркаларына байланысты домендерді бөгде адамдарға иеленуге тыйым салынатын заң қабылданады. Сол себепті өз қызығушылығыңыз бойынша сайт ашар кезде аттас сауда маркаларының бар-жоғын тексеріп алыңыз. Егер өзге атау емес, соны ғана алғыңыз келсе, жазылуын өзгертіңіз. Әйтпесе, маңдай термен жасаған еңбегіңіз еш кетіп, сот шешімімен тақырға отырып қалуыңыз мүмкін. Дайындаған Жадыра Аққайыр "7"Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024