Ұялы телефон қолданушылар интернет трафикті көбірек жұмсап, әлеуметтік желілерді қолдануды арттыру түскен. Бұл туралы Beeline Қазақстанның баспасөз-қызметі хабарлады.
2016 жылы наурызда Beeline клиенттері 1 531 Мегабайт жүктеген, бұл көрсеткіш 2015 жылы 641 Мегабайтты құраған, яғни бір жылда қолданушылар интернетті 139%-ға артық қолдана бастады. Қолданылған трафик бойынша ең танымал ресурс youtube болды, одан кейін Вконтакте, Instagram, WhatsApp және Facebook жүреді. Ал кіру саны бойынша көшбасшы бестік басқаша көрінеді, ең көп кірілген ресурс (азаю тәртібі бойынша) ВКонтакте, WhatsApp, Facebook, Youtube болса, бестікті Beeline.kz тұйықтайды. «Мобильді интернеттің қол жетімді болғаны сонша, қазір қолданушылар WiFi желісіне немесе басқа желілерге тәуелді емес. Адамдар мегабайттарды бұрынғыдай санамайды және бейне жазба контенттерін көп көріп, әлеуметтік желілерде көп сөйлесетін болды. 4G интернет пайда болған соң, клиенттер мобильді құрылғыларды бұрынғыдан да көп қолданатынына және трафиктің бұдан да арта түсетініне сенімдіміз», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Жалпы нарықты дамыту жөніндегі коммерциялық директоры Евгений Настрадин пікір білдірді. Күн сайын, көптеген қолданушылар фильмдер мен телехикаяларды және мультфильмдерді көру үшін мобильді құрылғыларды қолданатын болды. 2016 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша video.beeline.kz порталының қолданушылары 26 мың фильм көрген. Beeline олардың ішіндегі топ бастаған бесеуін назарларыңызға ұсынады:- Волк с Уол-стрит
- Дом с паранормальными явлениями
- Игра Эндера
- Семейка вампиров
- 1 + 1
№ | Өндіруші | Үлгі |
1. | Apple | iPhone 5s |
2. | Samsung | Galaxy E5 |
3. | Samsung | Galaxy Ace Style LTE |
4. | Apple | iPhone 6 |
5. | Samsung | Galaxy A5 |
6. | Samsung | Galaxy A3 |
7. | Apple | iPhone 5 |
8. | Samsung | Galaxy S5 Duos |
9. | Samsung | Galaxy Tab 4 7.0 |
10. | LG | G4 C |
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024