Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұялы телефон қолданушылары интернетті көбірек пайдаланатын болды

Ұялы телефон қолданушылары интернетті көбірек пайдаланатын болды

Ұялы телефон қолданушылар  интернет трафикті көбірек жұмсап, әлеуметтік желілерді қолдануды арттыру түскен. Бұл туралы Beeline Қазақстанның баспасөз-қызметі хабарлады. 

2016 жылы наурызда Beeline клиенттері 1 531 Мегабайт жүктеген, бұл көрсеткіш 2015 жылы 641 Мегабайтты құраған, яғни бір жылда қолданушылар интернетті 139%-ға артық қолдана бастады. Қолданылған трафик бойынша ең танымал ресурс youtube болды, одан кейін Вконтакте, Instagram, WhatsApp және Facebook жүреді. Ал кіру саны бойынша көшбасшы бестік басқаша көрінеді, ең көп кірілген ресурс (азаю тәртібі бойынша) ВКонтакте, WhatsApp, Facebook, Youtube болса, бестікті Beeline.kz тұйықтайды. «Мобильді интернеттің қол жетімді болғаны сонша, қазір қолданушылар WiFi желісіне немесе басқа желілерге тәуелді емес. Адамдар мегабайттарды бұрынғыдай санамайды және бейне жазба контенттерін көп көріп, әлеуметтік желілерде көп сөйлесетін болды. 4G интернет пайда болған соң, клиенттер мобильді құрылғыларды бұрынғыдан да көп қолданатынына және трафиктің бұдан да арта түсетініне сенімдіміз», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Жалпы нарықты дамыту жөніндегі коммерциялық директоры Евгений Настрадин пікір білдірді. Күн сайын, көптеген қолданушылар фильмдер мен телехикаяларды және мультфильмдерді көру үшін мобильді құрылғыларды қолданатын болды. 2016 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша video.beeline.kz порталының қолданушылары 26 мың фильм көрген. Beeline олардың ішіндегі топ бастаған бесеуін назарларыңызға ұсынады:
  1. Волк с Уол-стрит
  2. Дом с паранормальными явлениями
  3. Игра Эндера
  4. Семейка вампиров
  5. 1 + 1
Beeline клиенттері арасындағы 4G желісін қолдайтын ең танымал смартфондар:
Өндіруші Үлгі
1. Apple iPhone 5s
2. Samsung Galaxy E5
3. Samsung Galaxy Ace Style LTE
4. Apple iPhone 6
5. Samsung Galaxy A5
6. Samsung Galaxy A3
7. Apple iPhone 5
8. Samsung Galaxy S5 Duos
9. Samsung Galaxy Tab 4 7.0
10. LG G4 C
 

Похожие материалы