Венесуэла ОПЕК елдеріне нарыққа жаңа мұнай сұрпымен шығуды ұсынды деп хабарлайды ТАСС. Қара алтын Алжир, Нигерия, Ангола және Оманның жеңіл мұнайы мен Венесуэланың мұнай құмындағы ауыр мұнайдың араласуы арқылы алынуы қажет.
"Бұл ОПЕК үшін өте сәтті серіктестік болады әрі мұнай бағасына ықпал етеді", - деп мәлімдеді Венесуэланың мемлекеттік PDVSA мұнай-газ компаниясының басшысы Эулохио Дель Пино. Оның сөзінше, соңғы жылдары әлемдік мұнай нарығында Алжир, Нигерия, Оман және Анголаның мұнайы ОПЕК құрамына кірмейтін өндірушілердің көмірсутектерімен және АҚШ-тың сланцты мұнайымен алмастырылып отырған.
15 сәуір күні Венесуэланың мұнай министрі Асдрубаль Чавес Каракаста ОПЕК-ке мүше елдердің және Индонезияның жергілікті елшілерімен кездесті.
Наурыз айының басында ОПЕК-тің мұнай қоржынындағы баға барреліне 49,46 долларға дейін төмендеді. 2014 жыл бұл көрсеткіш 96,3 доллар, 2013 жылы 105,9 доллар көлемінде тіркелген еді.
ОПЕК қоржынындағы баға бірнеше сұрыптың орташа бағасы арқылы анықталады. Олардың арасында Saharan Blend (Алжир), Iran Heavy (Иран), Basra Light (Ирак), Kuwait Export (Кувейт), Arab Light (Сауд Арабиясы), Merey (Венесуэла) және басқалары бар
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024