Британдық Vertu люкс гаджеттерін жасаушы Signature Touch смартфонының жаңартылған нұсқасын ұсынды. Оның бағасы 21 мың доллар тұрады деп хабарлайды "Газета.Ru".
Вертудың жаңа флагманы аллигатор, бұзау және кесіртке терісімен қапталған. Одан бөлек, өнімділігі жоғары әрі техникалық жабдықталуы да жақсы. Артқы камерасы - 21 мегапиксель, бұл 4К форматында видео түсіруге мүмкіндік береді. Алдыңғы камерасының рұқсаты - 2,1 мегапиксель. Смартфон экраны 5,2 дюйм. Сапфир поликристалынан жасалып, арнайы жабынмен жабылған. Яғни, саусақ іздері сынды түрлі дақтарды болдырмайды. Ең арзан деген түрі 9,9 мың доллар тұрады. Сатылымдар қазан айының ортасына қарай жоспарланып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024