Экономика
IT, Технология
Vertu 21 мың доллар тұратын смартфон шығарды
Британдық Vertu люкс гаджеттерін жасаушы Signature Touch смартфонының жаңартылған нұсқасын ұсынды. Оның бағасы 21 мың доллар тұрады деп хабарлайды "Газета.Ru".
Вертудың жаңа флагманы аллигатор, бұзау және кесіртке терісімен қапталған. Одан бөлек, өнімділігі жоғары әрі техникалық жабдықталуы да жақсы. Артқы камерасы - 21 мегапиксель, бұл 4К форматында видео түсіруге мүмкіндік береді. Алдыңғы камерасының рұқсаты - 2,1 мегапиксель.
Смартфон экраны 5,2 дюйм. Сапфир поликристалынан жасалып, арнайы жабынмен жабылған. Яғни, саусақ іздері сынды түрлі дақтарды болдырмайды. Ең арзан деген түрі 9,9 мың доллар тұрады. Сатылымдар қазан айының ортасына қарай жоспарланып отыр.