Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – Виталий Быстрюков Санофи Қазақстан компаниясының төрағасы және Санофи Орталық Азия рецептуралық дәрі-дәрмек бөлімінің бас директоры болып тағайындалды.
Виталийдің Ресейдегі фармацевтика индустриясындағы басқару тәжірибесі 17 жылдан асады. Ол Санофи Ресей компаниясына 2013 жылы эндокрин препараттарының бизнес-бөлімшесінің сату бөлімінің жетекшісі болып қызметке орналасқан. Санофи компаниясында еңбек ету барысында ол өзінің білімі мен тәжірибесін арттырып, маркетинг пен сату бөлімінде әр түрлі қызметте болды. Осы уақытқа дейін Виталий эндокрин препараттары бағыттарының жетекшісі болып қызмет етті.
«Мен үшін Санофи компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы бөлімін басқару мен үшін үлкен мәртебе. Біз үлкен мақсаттарға жете алатынымызға сенімдімін. Санофи ондаған жылдар бойы бүкіл әлемдегі пациенттердің өмірін жақсарту мақсатында денсаулық саласындағы ғылыми инновациясын жаңарту арқылы нақты тапсырмаларды шешіп келеді. Санофидің Empowering Life («Өмір үшін») миссиясына сүйене отырып, біз Қазақстан мен Орталық Азиядағы пациенттердің игілігіне орай денсаулық саласындағы инновациялық шешімдерді ұсынатын боламыз,» - деді Виталий Быстрюков.
Виталий Быстрюков АҚШ, Бостондағы Санофи Джензаймда жақында құрылған сирек кездесетін қан ауруы бөліміне қызметке тағайындалған Ранга Веларатнені ауыстырды. Санофи Ранга Веларатнені Орталық Азия елдерінің бизнесін нығайтудағы қосқан үлесі мен мықты қызметкерлер тобын құрғаны үшін алғыс білдіріп, оған жаңа қызметінде табыстар тіледі.
Санофи – глобалды биофармацевтикалық компаниясы. Санофи Қазақстанда 1997 жылдан бері қызмет етеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024