
Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда 2020 жылдың басында ВКонтакте өкілдігі ашылады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Олжас Салмурза жергілікті авторлармен, БАҚ-пен және бизнес өкілдерімен байланыс орнатып, оларға VK-да жобаларды дамытуға және мазмұнды тұтынудың ерекшеліктерін талдауға көмектеседі.
«ВКонтакте» қызметін 7,6 миллионнан астам қазақстандық белсенді қолданады. Сондықтан аймақтық өкілдер бағдарламасын кеңейту үшін біз Қазақстанды таңдап алдық", - деп түсіндірді ВКонтакте серіктестік бөлімінің басшысы Екатерина Якушева.
Бұған дейін ВКонтакте Екатеринбург, Қазан және Нижний Новгородта аймақтық өкілдіктерін ашты. Бағдарлама аясында өкілдер авторлармен, компаниялармен және медиамен бірлескен жобалар құрады. Сондай-ақ, бұл аймақтарда қалалық жаңалықтар ленталары іске қосылды.