Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ВКонтакте Қазақстанда өкілдік ашады

ВКонтакте Қазақстанда өкілдік ашады

Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда 2020 жылдың басында ВКонтакте өкілдігі ашылады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Олжас Салмурза жергілікті авторлармен, БАҚ-пен және бизнес өкілдерімен байланыс орнатып, оларға VK-да жобаларды дамытуға және мазмұнды тұтынудың ерекшеліктерін талдауға көмектеседі.

«ВКонтакте» қызметін 7,6 миллионнан астам қазақстандық белсенді қолданады. Сондықтан аймақтық өкілдер бағдарламасын кеңейту үшін біз Қазақстанды таңдап алдық", - деп түсіндірді ВКонтакте серіктестік бөлімінің басшысы Екатерина Якушева.

Бұған дейін ВКонтакте Екатеринбург, Қазан және Нижний Новгородта аймақтық өкілдіктерін ашты. Бағдарлама аясында өкілдер авторлармен, компаниялармен және медиамен бірлескен жобалар құрады. Сондай-ақ, бұл аймақтарда қалалық жаңалықтар ленталары іске қосылды.

Похожие материалы