Неміс автокөлігінің концерні Volkswagen AG-дың басшысы Мартин Винтеркорн 22 қыркүйек күні қызметтен кету туралы өтініш білдірді. Бұл туралы Der Tagesspiegel-ге сілтеме жасап lenta.ru хабарлайды. Шешім экологиялық қауіпсіздікті тексеру кезіндегі жасанды тест нәтижесінен кейін қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Оңтүстік Корея мен АҚШ билігі неміс автокөлігін өндірушілеріне қарсы тергеу бастаған. Компанияны өз көліктеріне экологиялық қауіпсіздікті реттеуде тест нәтижесін жалған көрсететін құрылғы орналастырғаны үшін кінәлап отыр. Құрылғы машинадан шыққан көмірқышқыл газының нақты көлемін көлік иесіне азайтып көрсетеді.
21 қыркүйек күні Volkswagen AG - дың әсерінен АҚШ-тағы дизельді қозғалтқышты автокөліктердің сатылымы тоқтап қалған. Артынша компания акциялары бірден құлдырады.
Volkswagen концерні АҚШ-тың таза ауаға байланысты заңының екі тармағына қайшы әрекет жасаған. Сондықтан концернге әрбір сатылған көлік үшін 37,5 мың доллар көлемінде айыппұл тағылуы мүмкін. Соңғы 7 жылда 500 мыңға жуық автокөлік сатылғандықтан, айыппұл көлемі 18 млрд долларды құрайды. Жасанды тест нәтижесін көрсеткен моделдер мыналар: Audi A3, Volkswagen Jetta, Beetle, Golf және Passat.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024