Германиялық Volkswagen автоконцерні көліктерге қатысты шыққан жанжалға байланысты 3,48 миллиард еуро көлемінде шығынға батты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.
Соңғы тоғыз айда VW операциялық түсімді 3,34 миллиард еуро деңгейінде сақтап қалуға тырысқан. Былтырғы жылы 9 ай ішіндегі көрсеткіш 9,42 миллиард еуро болды. Концерн түсімі 2015 жылдың басында 8,5 пайызға көтеріліп, 6,26 миллиард еуроны құрады. Volkswagen тоқсан қортындысы бойынша, соңғы 15 жылда болмаған шығынға батып отыр. Негізгі шығындар көліктердің дизельдік қозғалтқышына қатысты шыққан жанжалға байланысты болды. Компания қойылған талаптарды реттеу мақсатында 6,7 миллиард еуро қаржы жұмсады. Қазан айының басында автокөлік концерні Зальцгиттер қаласынан қозғалтқыш құрылғыларын жинау үшін өндіріс көлемін қысқаратыны туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, компания жаңа қызметкерлерді жұмысқа алуды тоқтатты. Еске салайық, АҚШ билігі Volkswagen компаниясын өз көліктеріне экологиялық қауіпсіздікті реттеуде тест нәтижесін жалған көрсететін құрылғы орналастырғаны үшін кінәлаған еді. Құрылғы машинадан шыққан көмірқышқыл газының нақты көлемін көлік иесіне азайтып көрсетеді. Осыған байланысты концерн көліктерінің сатылымы төмендеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024