Әлемдегі ең ірі шведтік Volvo Cars автоконцерні АҚШ-тағы бірінші құрастырмалы зауытын салу үшін 500 миллион доллар инвестиция құяды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"Volvo Cars АҚШ-тан бірінші өндіріс обьектісін салатындығын хабарлайды. Әлемдік деңгейдегі нағыз автоконцернге айналу үшін жаңа зауытқа 500 миллион доллар инвестиция тартылады", -делінген баспасөз баяндамасында.
Компания зауыттың қай жерде орналасуы мүмкін деген орындардың тізімін белгілеп қойды, бірақ нақты мекен-жайы кейінірек белгілі болады.
Компанияның бас директоры Хакан Самюэльссон қазір бірнеше америкалық штаттармен зауыттың мекен-жайына байланысты келіссөздер жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді. Зауыттың құрылысы 2018 жылы басталуы қажет.
"Бұл - тәуекелге бел бууды қажет ететін нарық. Бірақ еуропалық немесе қытайлық нарыққа қарағанда тым тәуекелшіл болады деп ойламаймыз", - деді кәсіпорын басшысы америкалық автоәуесқойлар нарығына барынша қызығушылық танытқандығын атай отырып.