ВТБ банк басқарма төрағасының орынбасары Михаил Осеевский ВТБ Қазақстан банкінің директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
М.Осеевский мемлекеттік және қаржы басқармасында жұмыс істеген. ВТБ банк құрылымында 4 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
"Біз Қазақстандағы топтың ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыра отырып, мемлекетте бизнесті нығайтқымыз келеді", - деді М.Осеевский.
Сондай-ақ, ВТБ Қазақстан банкі басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло еншілес банк бизнес дамытуда және жоспарларды жүзеге асыруда маңызды стратегиялық құрылым болатынын атап өтті.
Бұған дейін ВТБ Қазақстанның директорлар кеңесін ВТБ-ның бас вице-президенті Михаил Якунин басқарған. Баспасөз қызметінен хабарланғандай, М.Якунин енді Ресейдегі ұлттық коммерциялық банктің директорлар кеңесінде қызмет атқарады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024