Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ВВС Ресейдегі жұмысын тоқтатты

ВВС Ресейдегі жұмысын тоқтатты

Британдық BBC телерадиокорпорациясы Ресейдегі қызметін уақытша тоқтатып, елден тыс жерде жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бұл әрекетті ВВС бас директоры Тим Дэви Ресейде жаңалықтар таратуға қатысты қабылданған жаңа заңмен байланыстырады, деп хабарлайды 7kun.kz.

"Бұл заң тәуелсіз журналистика үдерісін қылмыс деп санайды. Бұл бізге Ресей Федерациясындағы барлық BBC news журналистері мен көмекші қызметкерлердің жұмысын уақытша тоқтата тұрудан басқа амал қалдырмады. Біз осы жағымсыз оқиғаның барлық салдарын бағалап жатырмыз. BBC News орыс қызметі Ресейден тыс жерде жұмысын жалғастырады", – деді ол.

BBC басшысы корпорация қызметкерлерін «өз жұмыстарын атқарғаны үшін ғана қылмыстық қудалау қаупіне» ұшыратуға дайын емес екенін атап өтті.

"Біздің Украинадағы және бүкіл әлемдегі журналистеріміз Украинаға басып кіруді жариялауды жалғастырады", - деді ВВС бас директоры Тим Дэви.

Похожие материалы