Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Алсеко» АҚ-ның 90% акциясын сатып алды деп хабарлайды 7kun.kz.
Бүгін таратылған ресми ақпаратта жазылғандай компания басшылығы компанияның мүмкіндігін жоғары бағалап отыр.
«Алсеко – бірінші кезекте әрқайсымыздың өмірімізді жеңілдететін, жақсартатын компания, -дейді Михаил Ломтадзе. – Алсеко технологиялары бірнеше қызмет үшін бір түбіртекпен ғана төлеуге мүмкіндік береді. Бұл шынында өте ыңғайлы және қызмет ұсынушылардан бірнеше түбіртекті алып, төлеуге қарағанда жылдам».
«Біз өсу мүмкіндігі жоғары тамаша компанияға инвестиция салдық, -дейді Вячеслав Ким. — Біз ары қарай командамызбен бірге компания атауы бойынша және инновация мен бизнес аясын кеңейту бағытында жұмыс істейміз».
Ал, «Алсеко» АҚ негізін салушы Олег Власов бұл өзгерісті компания дамуының жаңа кезеңі басталды деп бағалады.
Анықтама: «Алсеко» АҚ – ақпараттық жүйелерді дайындау, өндірістік қызметтер, ІТ-консалтинг, лицензиялық бағдарламалық шешімдер ұсынатын белсенді даму үстіндегі құрылым. Компания әрі коммуналдық және басқа да қызметтерді өңдеумен айналысатын биллингтік орталық болып саналады. Толыққанды биллингтік орталық бірнеше қызмет ұсынушының есеп-шоттарын біріктіріп, тұтынушыларға бірнеше қызмет үшін бір ғана түбіртекпен төлеуге мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024