2015 жылдың 27 маусымында аяқталған ІІІ қаржылық тоқсанда Walt Disney-дың таза пайдасы 11%-ға, рекордтық 2,48 млрд долларға дейін жеткен. Компания көрсеткішінің өсіміне "Кек алушылар; Альтрон дәуірі" фильмінің табысты көрсетілімі және "Мұз жүрек" ("Frozen") мультфильміне байланысты кәдесыйлардың жақсы сатылымы себеп болған.
Бір жыл бұрын Disney-дың тоқсандық пайдасы $2,25 млрд болған-тын. Бір акцияға шаққандағы есепке бойынша таза пайда 13%-ға, 1,45 долларға дейін артқан.
Walt Disney-дың тоқсандық түсімі 5%-ға, 13,1 млрд долларға дейін өсті. Thomson Reuters сұрастырған аналитиктер бір акцияға шаққандағы пайда $1,42 деңгейінде болады деген болжамдарын келтірген еді.
Экранға "Star Wars" киноэпопеясының жаңа бөлімінің шығуының арқасында Walt Disney жуырдағы екі тоқсан ішінде пайдасын айтарлықтай жоғарлатпақшы. Фильмнің дүниежүзілік премьерасы 18 желтоқсанда басталады деп күтілуде, алайда киноға қатысты кәдесыйлар 4 қыркүйектен сатыла бастайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024