
Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – Енді WhatsApp мессенджерінде қолданушы өзін топтарға кімнің қоса алатынын таңдай алатын болды. Жаңа функция туралы компанияның сайтында хабарланды.
Компаниядағылардың айтуынша, ол жаңа функцияны «Топтар» бөлімінен көруге болады. Қолданушы оны топтарға қосқанын қаламаса, басқа қолданушылар үш күн ішінде оған жеке хабарламалар жолдап, топқа қосылуын ұсына алады.
Жаңа функция бүгін кейбір қолданушылардың телефондарында пайда болды, ал кейінірек WhatsApp-тың соңғы жаңартылған нұсқасының барлығында осы функция жұмыс істейді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025