Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болды

WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болды

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – Енді WhatsApp мессенджерінде қолданушы өзін топтарға кімнің қоса алатынын таңдай алатын болды. Жаңа функция туралы компанияның сайтында хабарланды.

Компаниядағылардың айтуынша, ол жаңа функцияны «Топтар» бөлімінен көруге болады. Қолданушы оны топтарға қосқанын қаламаса, басқа қолданушылар үш күн ішінде оған жеке хабарламалар жолдап, топқа қосылуын ұсына алады.

Жаңа функция бүгін кейбір қолданушылардың телефондарында пайда болды, ал кейінірек WhatsApp-тың соңғы жаңартылған нұсқасының барлығында осы функция жұмыс істейді.

Похожие материалы