Экономика
IT, Технология
YouTube ақылы тіркелуді енгізді
YouTube видеохостингі 21 қазан күні контентте ақылы тіркелу болатынын мәлімдеді. Оны рәсімдеу 28 қазан күні болады. Қолданушылар айына 9,99 доллар көлемінде жарнамасыз роликтер қарап, оларды интернетсіз ұзақ көру үшін жүктеп ала алады. Бұл туралы РБК хабарлайды.
Ақылы тіркелу YouTube Red деп аталды және 28 қазаннан бастап қолданыла бастайды.
Жарнаманың болмауынан тыс, ақылы тіркелушілер өзіне ұнаған видеоны сақтап алып, алдағы уақытта интернетке қосылмай-ақ көре алады. Ал 2016 жылдың басында YouTube Red қолданушылары фильм мен шоулардан тұратын эксклюзивті контентке қол жеткізе алады. YouTube видеоресурстарын тегін көру сақтала береді.
Ақылы тіркелу тек хостингтерді көретін қосымша кіріс көзі емес, видео иелері үшін де маңызды. Олар жарнамадан тыс өз көрермендерінің арқасында контенттерін қаржыландыра алады. Видеоблогерлердің видеосын премиум-аккаунт иесі көретін болса, олар қосымша ақша алады. Каналда көрермен көп болған сайын қаржы да барынша көбейе түседі.