
Youtube видеохостингі видеожазбаларды іздеуде пайдаланылатын тілдер тізімін кеңейтіп, арасына қазақ тілін қосты. Қазіргі уақытта сайт бойынша 76 тілде іздеу жүйесін қолдануға болады.
"Google компаниясына қарасты Youtube іздеу жүйесі үшін тағы 15 тілді қосып, барлығы 76 тілге жеткізді", - деп хабарлайды компания өкілдері.
Қазіргі уақытта сайт әлемдегі интернет-қолданушылардың 95%-ын қамтиды. Жаңадан қосылған 15 тілдің қатарында албан, армян, әзірбайжан, бирма, грузин, қазақ, кхмер, қырғыз, лаос, македон, моңғол, непал, өзбек, пенджаб, сингал тілдері бар.
2014 жылдың желтоқсан айынан бастап қазақ тілі Google Translate аударма жүйесіне қосылған болатын.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025