Теңгенің құнсыздануы Қырғыз сомына да әсер еткен сияқты. Бүгін сомның да долларға қарсы құны ел тарихында тұңғыш рет ең төменгі деңгейге түсті.
Қырғызстанның Ұлттық банкінің мәліметінше доллардың бүгінгі ресми курсы 62,145 сомды құрады. Бішкектегі айырбастау пункттері долларды 64,4 сомнан сатып алып, 65,4 сомнан сатуда. Елдің Ұлттық банкі тұрғындарды сабырға шақырып, жақын арада нарықтағы жағдай тұрақталады деп отыр. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Нурбек Жениш КирТАГ агенттігіне берген сұхбатында сом девальвацияға ұшырамайды деді. «Бізде сом еркін айналымда. Курс сұраныс пен ұсынысқа қарай анықталады. Ұлттық банк девальвация мен ревальвация жасамайды», деді ол. Оның сөзінше сомның құлдырауына Қазақстандағы теңгенің еркін айналымға жіберілуі әсер еткен.Тэги:
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





