Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстандағы сайлауда Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті

Қырғызстандағы сайлауда Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті

Бішкек. 16 қазан. 7kun.kz - Қырғызстанда сайлау аяқталып, Социал-демократиялық партия кандидаты, бұрынғы премьер-министр Сооронбай Жээнбеков сайлаудың бірінші турында жеңіске жетті.

ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабекованың мәліметінше, сайлауға келгендердің саны 55,93 пайызды құраған. Ақпарат бойынша Жээнбековке сайлаушылардың 814,5 мың адам немесе сайлаушылардың 54,75 пайызы дауыс берген. Ал оның негізгі қарсыласы Өмірбек Бабанов 564,2 мың немесе  33,80 пайыз дауыс жинаған. Үшінші орында 6,41 пайыз дауысқа ие болған - Республиканың қауіпсіздік кеңесінің экс хатшысы Адахан Мадумаров.

Похожие материалы