Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстандық көліктер Қазақстанға маусымнан бастап кіргізіле бастайды

Қырғызстандық көліктер Қазақстанға маусымнан бастап кіргізіле бастайды

Осы жылдың мамырында Қырғызстан ұзақ уақыттағы келіссөздерден кейін ЕАЭО-ға кірді. Ресми емес мәліметтер бойынша,  ҚР-ға 100 мыңға жуық автомобиль кіргізілген.

-Біз Қазақстанға ескі көліктің кіргізілуіне мүдделі емеспіз, - деп мәлімдеді бұл туралы ҚР-ның инвестиция және даму бойынша вице-министрі Альберт Рау. Оның түсіндіруінше, Қырғызстанның жеке автоөндірісі болмағандықтан елге өтпелі кезең енгізілген. Яғни алдағы 10 жыл ішінде кіргізілетін машиналардың салығы нөлге теңістірілді. Kolesa.kz журналистері Қырғызстан мен ЕАЭО елдері қол қойған құжаттарды қайта қарап, Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімді Қырғыз Республикасының қолдану шарттары жазылған қосымшадан қырғыздық көліктердің шаруасы қалай болатындығын анықтады. Құжат бойынша, Кедендік одақ тауары ретінде ҚР-ға 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін кіргізілген автолар танылды. Оларды ЕАЭО еліне ауыстырып, есепке қоюға еш кедергі тумайды. Әрине, ролі сол жақта болуы керек. Дәл осы қосымшада оның ЕАЭО мен Қырғызстанның барлық ішкі рәсімдерді аяқтағаннан кейін  күшіне енетіндігі жазылған. Ал бұл маусым айында орын алуы мүмкін. Қалай дегенмен де Қырғызстанның экономика министрлігі үкімет Келісімнің мамыр айында жогорку кенешеде (қырғыз парламенті) заңды түрде рәсімделуге бар күшін салатындығына уәде берді. Ал нақты автомобильдер жайына көшсек. Келісімде А.Рау атап өтетін жеңілдікті өтпелі кезең туралы жазылған. Онда көліктерге енгізілген төменгі кедендік салық ҚР-да 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болатындығы айтылады. Осыдан кейін Қырғызстанға машинаны ЕАЭО-да заңды күші бар ортақ кедендік тарифтер бойынша кіргізуге болады. Ал Қырғызстанға 2014 жылдың 1 қаңтары мен 2025 жылдың 1 қаңтары аралығындағы өтпелі кезеңде кіргізілген көліктерді ЕАЭО елдері қырғыз салығы мен ЕАЭО салығының айырмашылығын төлегеннен кейін ғана есепке қояды. Сондай-ақ, мұндай транспорт құралдарының (Қырғызстанға 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін әкелінгендер) сенімхат арқылы ғана кіргізуіне тыйым салады. Осыдан шығатын қорытындылар: 1. Қырғызстанға 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізілген көліктер - Кедендік одақ тауарлары. Яғни ресейлік және белорусстық көліктер тәрізді олар Қазақстан аумағына кедергісіз енгізіліп, ролі сол жақтағы көліктер деген талаппен есепке алынады. Келісімде, қосымшада ешқандай шектеулер жазылмаған. Жыл бойынша да, еуро бойынша да. Олар -  Кедендік одақ тауарлары! 2. ҚР-ға 2014 жылдан кейін кіргізілген барлық төрт дөңгелектілер ЕАЭО бәстері бойынша өткізіледі немесе айырмашылық төленуі қажет. 3. Қырғызстанға 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін кіргізілген көліктерде тек сенімхат арқылы Қазақстан аумағында жүруге болмайды. 4. Күзден бастап Қазақстан, Ресей және Белоруссия шекарасы ҚР-да 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін есепке тұрғызылған рөлі сол жақтағы қырғыз көліктері үшін ашық болады.

Похожие материалы