Қытайда осы жылдың мамыр айында жаңа жеңіл автокөліктердің сатылымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға, 1,61 млн бірлікке дейін артқан. Бұл туралы Қытайдың автоөндірушілер қауымдастығы (China Association of Automobile Manufacturers, CAAM) мәлім етті.
Бұл екі жылдан бергі осы көрсеткіштің ең төмен өсімі - 2013 жылдың ақпанында Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың бір апта бойына тойлануына байланысты сатылымдар 8,3%-ға төмендеп кеткен болатын. ҚХР-дағы бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда General Motors Co. автокөліктерінің Қытайдағы сатылымы өткен айда 4%-ға, 252,567 мыңға дейін қысқарды, бұл негізінен модельдік қатардың ауысуына байланысты болды. Ford Motor Co. өз сатылымдарын 4%-ға, 91,013 мыңға дейін арттырды, бұл ретте жапондық Nissan Motor Co. 102,5 мың машина өткізген, бұл шамамен өткен жылғы көрсеткішке сәйкес келеді. Қаңтар-мамырда Қытайдағы жеңіл автокөліктердің сатылымы 8,58 млн бірлікті қамтыды, бұл 2014 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 6,4%-ға артық.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024