Қытай шекарасының бас басқармасы жеке машинамен саяхаттаушылар үшін көрші елдермен шекарада орналасқан тәжірибелік бекеттерінің үлгісін бекітті. Бұл туралы Қытайдағы қолданбалы экономика Ассоциациясының басшысы Чжан Чуньцзяо.
"Шекараның бас басқармасы және ҚХР-дың соған тиесілі мекемелері жеке көліктермен саяхаттарға арналған тәжірибелік бекеттердің үлгісін бекітті. Басты әріптестер -Ресей, Қазақстан және Моңғолия. Жобаның енгізілу кезеңдеріне қарай жеке көліктермен саяхаттау мүмкіндіктері арта түседі", -деді ол.
Ассоциация басшысының сөзінше, халықтың өмір сүру деңгейі мен автокөліктер бағының көбеюіне байланысты ҚХР адамдары автотуризмге жыл өткен сайын қызыға түсуде. 2014 жылы жүргізілген сауалнама бойынша, халықтың 30 пайызы көліктермен шекара сыртында саяхатқа шыққысы келетіндіктерін айтқан.
2015 жылдың наурызындағы санақ бойынша, Қытайда 293 транспорттық оның ішінде 135 су, 68 әуе, 20 теміржол және 70 автожолдық портал бар.