«Заман-Банк» АҚ 1991 жылы 6 маусымда Алматыда «Заман» Жеке банкі ретінде құрылды. Банктің ашылуына 1991 жылдың 6 маусымынан №11 лицензия Қазақ ССР Ұлттық мемлекеттік банкімен берілді.
1996 жылдың қыркүйегінде Банк ашық акционерлік қоғам болып және «Заман-Банк» Ашық Акционерлік Қоғам атауын алды.
1998 жылы «Заман-Банк» ААҚ акционерлері ауысты. Жаңа акционерлермен Банкті Алматы қаласынан Павлодар облысының Екібастұз қаласына орналастыру туралы шешім қабылданды.
2003 жылы Алматы қаласында «Заман-Банк» ААҚ филиалы ашылды.
2003 жылы Банк Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бірінші банктерінің бірі болып бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшу бойынша ҚР Ұлттық Банкінің талаптарын орындады (2003 жылғы 25 шілдедегі № 240 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі Басқармасының Қаулысы). Осы жылы Банк қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп беруді құрастыруға көшті.
2004 жылдың 27 тамызында заңнама талаптарына сәйкес «Заман-Банк» ААҚ «Заман-Банк» АҚ акционерлік қоғамына өзгертілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024