Заңды және жеке тұлғаларға банк шоттарын ашу банк пен клиенттің арасында жасалады және банк шотын ашу, жүргізу және жабудың негізгі шарттары ескерілетін келісімшарттың негізінде жүзеге асырылады. Ал банктік шот ашуда қанша қаржы алынады? Қандай құжаттар керек? Бұл туралы 7kun.kz анықтап көрді.
Банктік шот туралы келісім-шартты құру үшін Клиент, банктің талаптары және өзгертулері мен қосымшаларын есепке ала отырып, ҚР-дағы клиенттердің банк шотын ашу, жүргізу және жабудың негізгі ережелеріне сәйкес керекті құжаттарды тапсыру керек.
Банк ҚР заңнамасына сәйкес жарғы капиталы төленгені туралы құжатты ұсынған жаңадан құрылған заңды тұлға атына банк салымы шартына (шартты салым) негізделген уақытша жинақтаушы шот ашады.
Уақытша жинақтаушы шот арқылы жаңадан құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталын құру үшін және банк қызметі үшін ақы төлеу операциялары жүргізіледі.
Уақытша жинақтаушы шотты ашу үшін Клиент банкке келесідей құжаттарды ұсыну керек:
- Уақытша жинақтаушы шотты ашу туралы өтініш;
- Қол қою үлгісі бар құжат (нотариат куәландырған, 2 дана);
- Уақытша жинақтаушы шотты ашуға және жабуға уәкілетті жеке тұлғаны тағайындау туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылтайшылар хаттамасының көшірмесі;
- Клиенттің жеке басын куәландыратын құжат ;
- Уақытша жинақтаушы шотын басқаруға құқығы бар уәкілетті жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
- Жаңадан құрылған заңды тұлғаларға тиісті банк салымы туралы келісім-шарт (шартты салым) (2 дана, бланкті Банктен алуға болады)
Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін банк есепшот ашады.
Егер заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өте алмаса, Банк ақшаны құрылтайшыларына (жеке және/немесе заңды тұлғаларға) қайтарады.
Егер Клиент бір банкте бірнеше шот ашатын болса, филиал клиенттен шот ашуға тиісті құжаттарды (тек қол қою үлгісі бар құжат пен мөрлердің мөртабандарының үлгілерін; қол қою үлгісі бар құжатында аталатын жеке тұлғаны куәландыратын құжаттар және керек болса, қол қою үлгісі бар құжатында белгіленген тұлғаның өкілдік құқығын расстайтын құжаттарды санамағанда) қайтадан талап етпеуі тиіс.
ҚР резиденті және резиденті емес жеке кәсіпкерлерге Банк шотын ашу үшін керекті құжаттар тізілімі:
1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлғалар мен олардың бөлек бөлімшелеріне (Филиалдары мен Өкілдіктеріне):
- қол қою үлгісі бар құжат және мөрлердің мөртабандарының үлгілері (нотариат куәландырған 2 дана);
- салықтық қызмет органымен берілген клиенттің салықтық есепке тұруын куәландыратын құжаттың көшірмесі (құжатты немесе нотариалды куәландырылған көшірмені ұсыну керек)
- статистикалық картаның көшірмесі (құжатты немесе нотариалды куәландырылған көшірмені ұсыну керек)
- уәкілетті органмен берілген, мемлекеттік тіркеуден немесе қайта тіркеуден өтуін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі , (құжатты немесе нотариат куәландырған көшірмені ұсыну керек)
- филиалдар мен өкілдіктер үшін - Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғаның филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхатының көшірмесі
- нотариалды куәландырған жарғы көшірмесі ( бөлек бөлімшелер үшін - Ереженің ) немесе клиенттің типтік жарғы негізінде әрекет ететінін растайтын құжат ( жергілікті әділет орган мөртаңбасы басылған Заңды тұлғаның тіркеу туралы нотариалды куаландырған өтініш көшірмесі );
- Қолдардың үлгілері мен мөрлердің мөртабандары қойылған құжатқа сәйкес банктік есепшотты жүргізуге (банктік есепшоттағы ақшаға өкімдік етуге) қатысты операцияларды жасайтын кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
- Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін - ҚР Қаржы министрлігінің рұқсаты ;
- Басшыны тағайындау туралы қатысушылар жиналысының хаттамасы (басшы куәдандырған және мөр басылған көшірме) ;
- Қол қою үлгілері бар картаға сәйкес уәкілетті тұлғалардың банктік есепшоттарға өкімдік етуге құқықтық қабілетін белгілейтін құжаттардың көшірмесі (бұйрық )
- Шотты ашуға берілген сенімхат ( егер шотты уәкілетті тұлға ашатын болса), құжаттың өзі және уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі ұсынылады;
- банк шоты туралы келісімшарттың 2 данасы (бланкті Банктен алуға болады);
Заңды тұлға-клиенттерге, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне, сондай-ақ шаруа қожалықтарына және жеке кәсіпкерлерге, нотариустар мен адвокаттарға көрсетілетін қызметтер Халық банкте 3500 теңгеден басталады. Банктің бүкіл жүйесі бойынша екінші және одан кейінгі ағымдағы банк шоттарды ашу және жалақы жобасы, сауда эквайрингі туралы жасалған шарт болған жағдайда заңды тұлғаларға шот ашу, клиенттерге жинақ шотын ашу тегін.
"Қазкоммерцбанк" АҚ-да заңды тұлғаларға шот ашу 2000 теңге. Шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен кәсіпқой медиаторлар үшін 1500 теңге, ал шотты жедел ашу (шот бойынша операцияларды сол күні жүргізу мүмкіндігімен) 5000 теңге.
Forte bank-те заңды тұлғаларға шот ашу 3500 теңгеден басталады. Жеке кәсіпкерлерге, кәсіби медиаторларға, адвокаттарға, жеке сот орындаушыларына және жеке нотариустарға арналған тариф - 2500 теңге.
Kaspi bank-те теңгеде жүргізілетін операциялар бойынша заңды тұлғаны қайта тіркеуге байланысты ағымдағы банк шотын ашу (клиенттің ашылған шоты болса) - тегін. Эскроу-шот ашу соманың 0,7%-ын құрайды. Ал заңды тұлғаларға бірінші ағымдағы банк шотын ашу (ашылатын шоттардың санына қарамастан) - 5000 теңге.
Банк Центр Кредитте есепшот ашу, есепшотты жүргізу бойынша қосымша құн салығы (ҚҚС) салынбайды Заңды тұлғаларға, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге, нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға (есепшоттарының санына қарамастан), бюджеттік ұйымдарға есепшот ашу - 3 000 теңге. Заңды тұлғаның қайта тіркелуіне байланысты есепшот ашу - 0 теңге. Эскроу-шот ашу үшін салым сомасының 0,5%-ы (ең азы 10 500 теңге, ең көбі 50 000 теңге) алынады. Есепшотқа қызмет көрсеткені үшін ай сайынғы төлем 1 000 теңге.
Ал Цеснабанкте бірінші ағымдағы шот ашу (соның ішінде лимиттелген) заңды тұлғалар, заңды тұлға филиалдары және өкілдіктері үшін - 3500 теңге. Жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы, жеке нотариус, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар үшін - 2 500 теңге.
Заңды тұлғаларға шот ашуға қатысты басқа да тарифтер туралы банктердің ресми сайттарынан білуге болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024