Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнетақы қорындағы қаражатыңызды қалай тексеруге болады?

Зейнетақы қорындағы қаражатыңызды қалай тексеруге болады?

БЖЗҚ-ның тұтынушылары өзінің жеке зейнетақы шотында қанша ақша жиналғанын біле бермейді. Бұл мәселеге мән бермейтіндер де, шоттағы қаражатты тексеруді қиын санайтындар да бар.  Оны 7kun.kz жүргізген сауалнамадан да байқауға болады.

[caption id="attachment_98222" align="aligncenter" width="450"]Скриншот сауалнама зейнетақы Фото: 7kun.kz[/caption]

Шындығында бұл туралы ақпарат алудың ешқандай да қиындығы жоқ. Жинақтағы қаражат сомасын білудің түрлі жолдары бар. 7kun зейнетақы қорындағы қаражатыңызды бақылаудың оңай әрі қолжетімді бірнеше тәсілін назарларыңызға ұсынады.

Мобильді қосымша

[caption id="attachment_98133" align="aligncenter" width="820"]БЖЗҚ мобильді қосымшасы Фото: Arnapress.kz[/caption]

Қазір кез келген қызмет түрін смартфонның немесе компьютердің көмегімен оңай әрі жылдам алуға болады. Бі­рың­ғай жинақтаушы зейнетақы қоры мамандары да өздерінің арнайы мобильді қосымшасын жасап шығарды. Оны Android, iOS және Windows Phone жүйелері бойынша смартфонға жүктеп алуға болады.  Осылайша, БЖЗҚ-дағы жеке кабинетіңізге кіріп немесе тіркеліп, өзіңіздің шотыңыз туралы әзірленген ақ­паратты мобильді қосымша арқылы алуға мүмкіндік бар.

Пошта қызметі 

[caption id="attachment_98134" align="aligncenter" width="650"]Электронды пошта Фото: pngtree.com[/caption]

Өз қаражатыңызды электронды пошта немесе мекен-жайыңыз бойынша хат арқылы бақылауға да болады. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта не­месе өтініште көрсетілген электронды пошта бойынша ақ­параттар ай сайын жіберіліп отырады. Қажет десеңіз, мекен-жайыңызға пошта арқылы жіберуге де мүмкіндік бар.

Арнайы сайт

[caption id="attachment_98136" align="aligncenter" width="630"]БЖЗҚ сайты Фото: tenge-online.kz[/caption] Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның Enpf.kz ресми сайтындағы жеке кабинетіңізге кіру арқылы жеке шотыңыз туралы барлық ақпаратты ала аласыз.

БЖЗҚ бөлімшесі

[caption id="attachment_98137" align="aligncenter" width="696"]БЖЗҚ бөлімшесі Фото: nb.kz[/caption] Жоғарыда аталған қызметтер қолжетімсіз болса немесе басқа да қосымша ақпарат алғыңыз келсе, тұрғылықты жердегі БЖЗҚ бөлімшесіне баруға болады. Барлық бөлімшелер жұмыс күндері 08:00-19:00 аралығында, сенюі күні 09:00-13:00 аралығында қызмет көрсетеді. Ал сіз зейнетақы қорындағы қаражатыңызды қалай бақылайсыз?

Похожие материалы