Ал ұлттық жинақтаушы қордың қаржысы жұмсалатын инвестициялық жобалардың бірі ретінде Куянов MEGA сауда орталығын айтады. Radiotochka.kz сайты бұл сауда орталығына бизнесмен Нұрлан Смағұловтың қатысы бар екендігін атап өтті. Ол басқарып отырған Astana Group холдингіне Mega Center Development тиесілі.
Осыған дейін Forbes.kz-ке берген сұхбатында Нұрлан Смағұлов бас қаладан жаңа МЕGA Silk Way салыну үстінде екендігін және басқа қалалардағы сауда орталықтарын сату мүмкіндігі барын айтқан еді. Астанадағы ЭКСПО аумағындағы құрылыстың 70 пайызға жуығы аяқталып қалған. ҚБД-ның қаражаты осы нысанды қаржыландыруға жұмсала ма, әлде тағы бір Mega салына ма, бұл жағы белгісіз.
Әзірге Қазақстан Даму банкі "ЭКСПО" аумағында нақты қандай объект салынатындығы хабарлаған жоқ. Бұл туралы ұлттық компания өкілі Сергей Куянов "Мен ҚДБ-ның қаржы алушыны жасырып отырғанына таңғалдым. Ол ақша кімге бағытталған? ҚДБ-ны мұндай әрекетке итермелеп отырған себеп туралы тек болжам жасай аламын", -деген еді.
Қазақстан Даму банкі зейнетақы қорының қаржысын қашан және қандай пайызбен қайтаратындығы да белгісіз. Сайт редакциясы банктің баспасөз қызметіне хабарласқанымен, әзірге басшылықтан жауап алу мүмкін болмады. "Банк басшылығы сұхбат туралы нақтылаған жоқ. Бүгін-ертең уақыты болғанда бірден жауап беруге тырысамыз", - деді банк баспасөз қызметінен.
Әбітай Ақсәуле "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024