Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы - 6,64 трлн теңге

Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы - 6,64 трлн теңге

Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz – 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,64 трлн. теңгені құрады. 2016 жылдың басынан бері зейнетақы жинақтары 808,7 млрд. теңгеге көбейді (2016 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,83 трлн. теңгені құраған).

2016 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық 8,15% (осы кезеңдегі инфляция деңгейі - 7,5%) құрады. 2016 жылдың басынан бергі салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 484,3 млрд теңгені құрады. 2016 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында түсімдердің жалпы сомасы 627,3 млрд теңгені құрады. Әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын республикалық бюджетке қайтаруды есепке ала отырып, қайтарылған жарналар сомасы 146,8 млрд теңгені құрады. 2016 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы – 156,1 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,8 млрд теңге. 2016 жылғы 1 желтоқсанда барлық шарттардың түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 10,08 млн бірлікті, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,62 млн. бірлікті құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 417 мың, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38,9 мыңды құрады.

Похожие материалы